Профессор ма, шпион ба? ҰҚК өзбек ғалымын неге ұстап отыр?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда халықаралық қатынастар саласының профессоры, 46 жастағы өзбек зерттеушісі Икболжон Қорабоев тыңшылық бабымен ұсталды. 3 шілдеде Астанадағы үйінен оны жай киім киген бірнеше адам ұстап әкеткен. Туыстары онымен екі айдан бері кездесе алмай жүргенін айтады.