Прокуратура Лұқпан Ахмедияровты елден шығармау туралы тыйымды заңсыз деп таныды

Kazakhstan - Journalist Lukpan Akhmedyarov. Uralsk (Oral), 27Apr2023

Астана прокуратурасы журналист Лұқпан Ахмедияровтың шағымын ішінара қанағаттандырды. Прокуратура Астана қалалық полиция департаментіне қарасты тергеу басқармасының әрекетін заңсыз деп таныды. Бұл жөнінде Құқықтық медиа-орталық хабарлады.

“Қылмыстық істің қозғалуы Ахмедияровтың конституциялық құқығын бұзуға бағытталған процессуалдық шешім қабылдауға негіз бермейді” деді адвокат Әсел Тоқаева.

Шағымнан кейін прокуратура тергеу департаментінің әрекетін заңсыз деп танып, шектеуді алып тастау қажеттігін айтқан. Адвокаттың сөзінше, прокуратура қылмыстық іске қатысты тексеріс жүргізуге уәде берген.

3 тамызда журналист Лұқпан Ахмедияров шетелге ұшпақ болған кезде Астана әуежайында оны жібермей қойған еді. Олар Астана қаласы полициясының журналистке қылмыстық іске қозғағанын айтқан еді.

Ақпаратқа қарағанда, журналист Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандықтар туралы материал жариялаған соң, бірнеше адам арыз түсірген. Ахмедияров бұл тізімді Украинадағы «Хочу жить» жобасының ресми дерегіне сүйеніп жариялағанын айтып, тағылған айыптармен келіспейді.

Былтырдан бері журналистке қатысты Қазақстанда бірнеше қылмыстық іс қозғалып, Ресейде де іс тіркеліп, іздеу жарияланғаны хабарланды. Ахмедияров мұның бәрін кәсіби қызметімен байланыстырады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Шекара қызметі журналист Лұқпан Ахмедияровты елден шығармады. Оған қарсы шағым жазған кім?