Путин әскер санын бір жылда төртінші рет көбейтті

Ресей президенті Владимир Путин

Ресей президенті Владимир Путин армия санын тағы 15 500 адамға ұлғайтып, 2 441 630 адамға дейін жеткізу жайлы жарлыққа қол қойды. Мұның ішінде әскери қызметкер саны – 1 550 500 адам.

Осылайша Ресей кейінгі жеті айда армиядағы адам санын төртінші рет көбейтіп отыр. Мұның алдында наурыз, маусым және шілде айларында арттырып, жиынтығы 52 500 адам қосылған.

Saratoga Foundation қорының аға ғылыми қызметкері Павел Лузин The Insider басылымына берген сұхбатында армиядағылар саны "қағаз жүзінде" көбейгенін және бұл армия қатарына іс жүзінде қосымша 15 500 әскери қызметкер алынды дегенді білдірмейтінін айтты.

"Штат бірлігі ең алдымен нақты адам санын емес, қаржыландыруды көрсетеді. Әскери салада біресе құрылыс батальондарын қайта жандандыруды ұйғарады, біресе басқадай бір құрылымдар құрады – осының бәріне мыңдаған жаңа штат қосылады", – деді сарапшы.

Лузиннің сөзінше, жаңа жарлық "нақты адамдар емес, ұзақ мерзімге арналған ақша мен лауазымдар туралы" қабылданған. Сарапшы әскери күштер "соғысқа қарамастан, ұзақ мерзімді болашақта өздеріне көбірек қаржы бөлінуіне кепілдік алуға тырысып жатыр" деп болжайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қашқын ба, қаза тапқан ба? Ресей билігі сарбаздарды әскерден қашқан деп ақша үнемдеп отыр