Путин Ресейдегі МӨЗ жұмысы мен отын өндірісі деректерін жариялауға тыйым салды

Украина дрондарының Нижнекамск мұнай өңдеу зауытына шабуылы. Ресей, 8 шілде, 2026 жыл

28 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин отын-энергетика саласындағы ақпараттың жария болуын шектейтін жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарындағы отын өңдеу және өндіру көлемі, бензин мен дизель отынын сату, тасымалдау бағыттары туралы мәліметтер енді құпия болмақ.

Бұдан былай мұндай ақпаратты көпшілікке таратуға, соның ішінде БАҚ-та және интернетте жариялауға тыйым салынады. Жарлықта көрсетілген шектеулер компаниялардың өздері көпшілікке жария ететін есептерге қолданылмайды.

Құжатта отын туралы ақпаратты жария етуден шектеу "Америка Құрама Штаттарының және оған одақтас шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың жат пиғылды және халықаралық құқыққа қайшы әрекеттеріне қарымта ретінде жедел шаралар қабылдау қажеттігіне байланысты" енгізіліп отырғаны айтылған. Жарлықта шет мемлекеттердің нақты қандай әрекеттері әлгіндей реакция тудырғаны түсіндірілмеген.

  • 2026 жылы Украина Ресейдің мұнай өңдеу инфрақұрылымына дронмен шабуыл жасауды айтарлықтай үдетті. Reuters келтірген Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметтері бойынша, биылғы жылдың алғашқы сегіз айында ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына орта есеппен үш күнде бір рет шабуыл жасалған. Маусым айында Ресейдегі мұнай өңдеу көлемі 2025 жылдың осындай айымен салыстырғанда шамамен 30 пайыз төмендеп, 2004 жылдан бергі ең төменгі деңгейге түскен. Ресейде бензин өндіру көлемі шамамен бестен бірге азайған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Украина дрондары алғаш рет үш мың шақырымдай жердегі Ямалға шабуыл жасадыТрамп Ресейдің соғыс кесірінен дизель отынын "бақылаудан айырылғанын" айттыПутин шабуылға ұшыраған мұнай зауыттары "жақында жөнделеді" дейдіЛенинград облысында дрон шабуылынан кейін өнеркәсіп аймағынан өрт шықтыСарапшы: Ресей жанармай үшін Қазақстанға қысымды күшейтуі мүмкін