Қазақстан Әзербайжанға Құрық – Баку – Құрық бағыты бойынша пароммен жолаушы тасымалдауды қалпына келтіруді ұсынды. Әзербайжан ұсынысты қолдады деп хабарлады Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел. Қазір екі елдің көлік ведомстволары соны қалпына келтіруге күш салып жатыр.
Бұл бағыт бойынша паром қатынасы 2020 жылға дейін болған, алайда коронавирус індетінің салдарынан тоқтап қалған. Жабылғанға дейін ол жылына шамамен 1500 жолаушыны Каспий арқылы тасымалдаған.
Байелдің сөзінше, паром қатынасын қалпына келтіру Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы турист санын арттыруға тиіс және Орта дәліздің (Қытай мен Еуропаны Орталық Азия, Каспий, Оңтүстік Кавказ, Түркия арқылы жалғайтын көлік дәлізі) мүмкіндігін де зорайтуы керек.
Қазір Баку мен Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау арасында аптасына 37 әуе рейсі бар.
Қазақстан мен Әзербайжан арасында паромдар көбіне жүк тасымалдаған. Паромдар қатаң кестемен жүрген жоқ, жүк тиелгеннен кейін жүре беретін болған, ал жолаушылар қосымша орындарға ғана отырған.