Қазақстанда кассациялық сот шешен азаматы Мансур Мовлаевқа пана бермеу туралы шешімді қолдады. Ресми нұсқа бойынша, ол Ресейге қайтарылған жағдайда қудалануы мүмкін екенін дәлелдей алмаған.
Сот шешімі жөнінде «Новая газета» басылымы адвокаты Вадим Дроздовқа сүйене отырып хабарлады. Оның айтуынша, мұндай шешім іс жүзінде Мовлаевты Ресейге экстрадициялау қаупін "айтарлықтай" зорайта түседі.
Шешен азаматы 2025 жылдың мамыр айынан бері Алматыда қамауда отыр. Шілде айында сот оның қамауда ұстау мерзімін қаңтарға дейін ұзартқан. Ресей Мовлаевты бопсалау айыбымен экстрадициялауды талап етіп отыр. Мовлаевтың сөзі істі ойдан құрастырылған деп санайды.
Қыркүйектің басында БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Мариана Кацарова Мовлаевты Ресейге қайтарған жағдайда "азаптау мен қатігездікке" тап болады деп мәлімдеді.
- Ресей ақпарат құралдарының жазуынша, 2022 жылдың тамыз айында Тхэквондо жөнінен спорт шебері Мансур Мовлаевты Шешенстанның полиция қызметкерлері ұрлап әкетіп, "құпия түрмелердің" бірінде ұстаған. Сол жақтан қашып, құжатсыз Қырғызстанға барған. Ол жақтан Қазақстанға өткен. Ол 2025 жылдың мамырынан бері Қазақстанда қамауда отыр.