Қазақстан үкіметі отставкаға кетті

Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, қазіргі үкімет жаңа үкімет жасақталғанға дейін өз міндеттерін атқармақ.

Үкіметті 2024 жылы ақпаннан бері басқарып келе жатқан Олжас Бектенов пен оның орынбасарлары мен министрлер жаңа үкімет жасақталғанға дейін міндетерінде болады.

Бұған дейін Тоқаев үкіметтің өзіне қойған міндеттерді атқаруға тырысқанын айтып, оның құрамында "бірқатар өзгерістер" болатынын айтқан еді.

28 тамызда Құрылтайдың алғашқы сессиясында сөз сөйлеген Тоқаев Құрылтайдың құрылымы жасақталғаннан кейін вице-президент және премьер-министрдің кандидатуралы бойынша президент ұсыныс енгізетінін айтты.

Бұдан соң Құрылтаймен ақылдаса отырып, үкімет мүшелері тағайындалады. Қауіпсіздік кеңес төрағасының орынбасары да анықталады. Одан соң халыққа жолдауын жарияламақ. Қыркүйектің соңына қарай Халық кеңесінің құрамы жасақталады.