Қазақстанда 175,1 мың қыз бала адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинаның толық екі дозасын алды деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Министрлік дерегінше, вакцинаның алғашқы дозасын 11-13 жастағы 265 мыңнан астам қыз алған. 2026 жылдың басынан бері бірінші доза 51,4 мың, екінші доза 49,6 мың қызға салынған.
Вакцинация науқаны басталғалы бері иммундаудан кейінгі жағымсыз ауыр реакциялар тіркелмеген деп хабарлады денсаулықмині.
Елде АПВ-ға қарсы тегін вакцинация бағдарламасы 11-13 жастағы қыздарға арнап енгізілген, кейін 14-17 жас аралығындағы қыздарды да қамтыды.