Қазақстанда Ресейдің сұрауымен Украина азаматы Любовь Рожанская ұсталды

Астана әуежайы.

Қазақстанда Ресейдің сұрауымен Украина азаматы Любовь Рожанская ұсталды. Бұл жөнінде адвокат Алексей Прянишниковқа сүйенген “Неміс толқыны” жазды. Ақпаратты Астанадағы адвокат Риза Нұрбаева растады.

Нұрбаеваның сөзінше, Рожанская 1 қазанда Астана әуежайында шекара бақылауынан өту кезінде ұсталған. Қазір тергеу изоляторында отыр.

2023 жылы Ресей оның үстінен “Бала ұрлауға оқталу” бойынша қылмыстық іс ашқан. Мәселе Рожанскаяның 2018 жылы туған немересі жөнінде болып отыр.

Прянишниковтің сөзінше, 2021 жылы баланың анасы Алла Андреева бірінші некеден туған баласымен бірге (Рожанскаяның немересі) Одессадан Калининградқа – екінші күйеуі ресейлік Виталий Андреев тұратын қалаға көшкен. 2022 жылы ол және ұлы Ресей азаматтығын алған.

Прянишниковтың сөзінше, 2026 жылы шілдеде Андрееваның екі күйеуі мен қайын атасы Вячеслав Андреев Рожанскаяға шығып, ұлды беруді сұраған. 27 тамызда келіссөз тараптар арасында келіссөз болып, сол кезде Калининград соты ФСБ жергіліті басқармасының өтініші негізінде Рожанскаяны тұтқындау туралы қаулы шығарды. Нұрбаеваның сөзінше, әйел адам қылмыстық іс жөнінде білмеген, себебі ешқашан Ресейге бармаған. Прянишниковтың сөзінше, Рожанская баланы Ресейден Астанаға әкелуі керек болған. Ол ұстауды “алдын ала жоспарланған операция” және “ФСБ арандату әрекеті” деп атады.

Қазақстанның құзырлы орындары әзірге, Рожанскаяның ұсталуы жөнінде түсініктеме берген жоқ.

2025 жылы наурызда Украина Жоғарғы соты баланың әкесінің талап арызы бойынша баланың тұрғылықты жері Одесса деп шешті, онда оның әкесі – Украина азаматы тұрады.