Қазақстандық боксшы Азиадада алтын ұтты

Қазақстандық боксшы Азия ойындарының чемпионы Сабырхан Төрехан. Жапония, 2 қазан 2026 жыл. Қазақстан туризм және спорт министрлігі таратқан сурет.

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы финалда Иордания боқсшысымен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Бұл – Қазақстанның Азия ойындарындағы оныншы алтыны.

Бұған қоса Қазақстан бокстан Азия ойындарына араға 12 жыл салып алтын медаль алып отыр. Бокс құрамасы 2014 жылғы Азия ойындарында алты алтын жүлде жеңіп, кейін 2018, 2022 жылғы Азиадада алтынсыз қайтқан еді.