Қазақстандық Мерей Базарбаев еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионы атанды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жастар арасында (U23) аяқталған әлем чемпионатында қазақстандық 23 жастағы Мерей Базарбаев еркін күрестен алтын медаль жеңіп алды.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақ жігіті түркиялық балуан Бекир Кесерді таза жеңіспен мерзімінен бұрын жеңді.

1/8 финалда Мерей Базарбаев алғашқы раундта-ақ басты фаворит – жастар арасындағы әлем жеңімпазы және жасөспірімдер арасындағы әлемнің үш дүркін чемпионы америкалық Люк Лилледальден 3:1 есебімен күш асырды.

Базарбаев ширек финалда Франция өкілі Расул Галбураевты 13:2 есебімен ойсырата жеңсе, жартылай жапон Дайто Кацумэден 7:0 есебімен басым түсіп, таза жеңіске жетті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

3 алтын, 3 күміс, 4 қола. Әлемдік дзюдо чемпионатында қазақстандық жасөспірімдер тарихи жетістікке жеттіҚазақстан Азиаданың алтыншы күні бес қола медаль ұттыСметов пен Әбужақынова Азиаданың күмісін алды. Сметов екі жыл үзілістен соң спортқа оралып, финалға шықты