Қазақстандық спортшылар Мерей Қабдуллаев пен Мариан Журавлева джиу-джитсудан күміс және қола медаль иеленді.
85 келіге дейінгі салмақта белдескен Мерей Қабдуллаев финалда Саул Арабия спортшысы Абдулла Тарик Надамен күресіп, қарсыласына жол берді.
Ал Мариан Журавлева 63 келіге дейінгі салмақта иорданиялық Майя Ишакатпен қола медаль үшін күресіп, нәтижесінде жықты.
Қазақстан медальдық есепте 8-орында тұр. Елдің қоржынында 77 медаль бар: 12 алтын, 21 күміс, 44 қола бар.