Қазақстанның төрт өңірі егістікке қажет судан таршылық көруі мүмкін

Сырдария өзені, Қызылорда, 2 шілде, 2024 жыл.

Қазақстанның төрт өңірінде биыл су тапшылығы қаупі бар. Бұл туралы 12 мамырда Астанадағы үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді деп жазды "Власть" басылымы.

Министрдің айтуынша, Сырдария, Шу және Талас өзендері бассейндерінде су аз болуы мүмкін. Бұл жағдай Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарындағы жағдайға әсер етуі ықтимал.

Министрлік мәліметінше, биыл вегетациялық кезең 2025 жылғы қуаңшылық салдарымен өтеді. Сырдария бассейніндегі көрші елдердегі су қоймаларында былтырғымен салыстырғанда 1,6 млрд текше метрге аз су жиналған. Қазақстанға келетін су көлемі көпжылдық норманың шамамен 70 пайызын ғана құрауы мүмкін.

Шу мен Талас бассейндеріндегі жағдай да күрделі. Киров су қоймасы 78 пайызға, Орто-Токой су қоймасы 83 пайызға толған. Бұл былтырғымен салыстырғанда айтарлықтай төмен көрсеткіш.

Алматы облысындағы Күрті су қоймасында да су тапшылығы болу қаупі бар. Қоймадағы су көлемі былтырғыдан 38 млн текше метр аз.

Соған қарамастан, елдің оңтүстігіндегі су қоймаларындағы жалпы жағдай тұрақты деп бағаланып отыр. 5 мамырдағы дерек бойынша, онда 26,2 млрд текше метр су жиналған — бұл былтырғыдан 500 млн текше метрге көп.

Қалыптасқан жағдайға байланысты су пайдалану лимиті Қызылорда облысы үшін 3,2 млрд текше метр, Түркістан облысы үшін 3,8 млрд текше метр көлемінде белгіленген.