Қырғызстан президенті Қауіпсіздік кеңесі хатшысын тағайындады

Әділет Оразбеков

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне Әділет Оразбековті тағайындады.

Әділет Оразбеков 1978 жылы туған. Қырғызстан халықаралық университетін "Дипломатия және халықаралық құқық" мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған қоса, Ресей ФСБ академиясында оқыған. Әскери шені бар.

Кәсіби қызметін ұлттық қауіпсіздік органдарында бастаған, 15 жылдан астам уақыт қызмет істеп, лауазымды міндеттерді де атқарған. Әр жылдары конституциялық құрылысты қорғау жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары болған, ҰҚМК халықаралық әріптестік бөліміне жетекшілік еткен, терроризммен күрес орталығының бас сарапшысы болған.

Кейін Шанхай Ынтымақтастық ұйымымен байланысты сыртқы саяси ведомстволар мен құрылымдарда істді.

Кейінгі жылдары президент әкімшілігіне қарасты ситуациялық орталық сарапшысы болған, ізінше қорғаныс, құқық пен тәртіп, қауіпсіздік бөлімінің мемлекеттік инспекторы, министрлер кабинетінде қызмет атқарды.

Бұған дейін Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарған Рустам Мамасадықовты Садыр Жапаров 10 ақпанда қызметінен босатып, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚК) төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындаған еді.

10 ақпанда Жапаров Қамшыбек Ташиевті министрлер кабинеті төрағасының орынбасары - ҰҚК төрағасы қызметінен босатып, кейін бірқатар кадрлық өзгерістер жасаған.

Германияда емделіп жатқан Қамшыбек Ташиев Садыр Жапаровтың оны қызметінен босату туралы шешімі мүлдем күтпеген жайт болғанын айтқан.

Your browser doesn’t support HTML5

Жапаров Ташиевті неге кетірді?