Ресей күштері шабуылынан Херсонда алты адам өлді

Житомир облыстық полициясы басқармасына дронмен жасалған шабуылдың салдары. 19 тамыз, 2026 жыл. Украина Ұлттық полициясы жариялаған фото.

19 тамыз күні түстен кейін Ресей күштері Украинаның Житомир қаласына әуеден шабуыл жасады. Житомир облыстық полициясы басқармасы ғимаратына дрон түскенін аймақ әкімшілігінің басшысы Виталий Бунечко Telegram-арнасында жазды.

Кейінірек Ұлттық полиция шабуыл салдарынан екі полиция қызметкері қаза тапқанын хабарлады. Шамамен 40 адам жараланған. Шабуылға ұшыраған жердің фотосуреттері де жарияланды.

Сәрсенбі күні таңертең Ресей күштері Херсонның Корабельный ауданында микроавтобусқа дронмен шабуыл жасаған. Херсон облыстық әкімшілігінің басшысы Александр Прокудин шабуыл салдарынан төрт кісі қаза тауып, бес адам жараланғанын хабарлады.

Бұған қоса, 19 тамызда Херсонның басқа аудандарына жасалған дрон шабуылдары салдарынан тағы екі адам – көлік жүргізуші әйел және 62 жастағы қала тұрғыны қаза тапқан. Ресей күштері Херсонға күн сайын дронмен шабуыл жасап келеді. Telegram-арналары таратқан видеоларда ресейлік FPV-дрондардың Херсон көшелерінде бейбіт тұрғындарды "аңдып-аулап" жүргені көрінеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Украинадағы Печенеги кентінде зымыран шабуылынан 10 адам қаза таптыРесей әскері Киев пен Кривой Рогты зымыранмен атқыладыРесей Сумы қаласын әуеден бомбалап, оннан астам адам зардап шеккенУкраинада көкөніс сатушыға дрон шүйліктіКиев пен Киев облысында Ресейдің әуе шабуылынан кемінде 17 адам қаза тапқан