Ресей қорғаныс министрлігі алғаш рет соғысқа қанша ақша кеткенін айтты

Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусов

2025 жылы "арнайы әскери операцияға тіке қатысы бар" мемлекет бюджеті жалпы ішкі өнімнің 5,1 пайызын құрады деп мәлімдеді Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусов ведомствоның кеңейтілген отырысында. Оның сөзінен Faridaily үзінді келтіреді.

Экономикалық даму министрлігінің болжамынша, биыл ЖІӨ көлемі 217,3 триллион рубль болмақ. Сәйкесінше, Украинадағы соғысқа 11,1 триллион рубль жұмсалған болып шығады.

Ресей қорғаныс министрлігі алғаш рет соғысқа қанша ақша жұмсалғанын мәлімдеп отыр. Бұған дейін федералдық бюджеттің "ұлттық қорғаныс" бөлігі бойынша жалпы шығын көлемі айтылған.

2025 жылы Ресей қаржы министрлігінің мәліметінше, "ұлттық қорғаныс" шығыны – 13,5 триллион рубль, осы соманың 82 пайызы Украинадағы соғысқа жұмсалады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Табиғи газға бай Қазақстан Ресейден құбыр тартуға ниетті. Неге?Журналистер соғыста қаза тапқан 128 мң ресейліктің аты-жөнін анықтадыҚазақстанда Ресей агенттері қалай жұмыс істейді? Құпия құжаттарға шолуАспандағы кептеліс. Соғыс өрті әуе тасымалын қалай өзгертті?Мәйіт толы көше, станциядағы қанды қырғын. Ресейдің ең ауыр соғыс қылмыстары