Ресей шабуылынан Запорожьеде үш адам қаза тапты

Ресей күштерінің әуе шабуылынан бүлінген көпқабатты тұрғын үй. Запорожье, Украина, 19 шілде, 2026 жыл.

Украинаның Запорожье қаласы мен ауданына 19 шілде кешке Ресей әскері жасаған әуе шабуылы салдарынан үш адам қаза тапқан. Мұны Запорожье облыстық әкімшілік басшысы Иван Федоров хабарлады. Оның сөзінше, қаза тапқандар арасында 11 жасар қыз бар.

Федоров кейінгі 24 сағат ішінде аймақта шамамен 50 адам жараланғанын айтты. Кейінгі бір күнде Ресей әскері Запорожье облысындағы 53 елді мекенге 1015 рет соққы жасады деді ол.

Украина теңіз порттары басқармасының мәліметі бойынша, Одессада 19 шілдеде Гвинея-Бисау туын іліп жүрген "Алтын Лео" азаматтық кемесіне ресейліктер жасаған шабуыл салдарынан қаза тапқандар саны 10 адамға жеткен. Кемеде экипаждың 17 мүшесі – Үндістан мен Сирия азаматтары – болған, қаза тапқандар арасында украиналық лоцман да бар. Сегіз теңізші құтқарылған, іздеу-құтқару операциясы түні бойы жалғасқан.

Украина әскери-теңіз күштерінің мәліметі бойынша, ресейліктер кемені үш Х-59/Х-69 қанатты зымыранмен атқан.

Кеменің иесі – түрік компаниясы. Ресей қорғаныс министрлігі нысанаға Одесса портындағы жанар-жағармай сақталатын цистерналар алынған деп мәлімдеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ресейдің жаппай әуе шабуылынан Украинада кемі 11 адам қаза тапқанАтылған зымыран, Киевтегі ауыс-түйіс, Мәскеудің мысқылы | Соғыс жаңалықтарыРесейдің түнгі шабуылдарынан Украинада бірнеше адам қаза тапқанРесейдің әуе шабуылынан Украинада кемінде 15 адам қаза тапты"Украина отаныма айналды". Орталық Азия тумалары агрессордан қорғанған елге қалай көмектесіп жатыр?