Ресейде биометриялық дерек жинау енгізілгелі бері 70 мың шетелдік елге кіргізілмеген

Ресейде шекарадан өту үшін биометриялық дерек тапсыру сынағы енгізілгелі бері шамамен 70 мың шетел азаматына ел аумағына кіруге тыйым салынған. Мұны
Ресейдің ішкі істер министрлігі хабарлады.

Шекарадан өткенде биометриялық дерек тапсыру сынағы 2024 жылғы 1 желтоқсанда басталған, әуелі Мәскеудің Шереметьево, Домодедово және Жуковский әуежайларында, сонымен бірге Орынбор облысындағы Маштаково шекара бекетінде енгізілді. Маштаково бекеті Қазақстанның "Сырым" шекара бекетінің (Батыс Қазақстан облысы) қарсы бетінде орналасқан.

Кейіннен Мәскеудің Внуково әуежайында да биометриялық дерек жинау тәртібі енгізілді. Ресми мәлімет бойынша, содан бері осы аталған шекара бекеттері арқылы шамамен 14 миллион шетелдік азамат өткен.

"Олардың шамамен 70 мыңы Ресейге кіруге рұқсат етілмеген адамдар тізіміне енгізілді", – деп хабарлады Ресейдің ішкі істер министрлігі.

Министрлік мәліметі бойынша, биометриялық жүйе биылғы маусым айында тағы 11 жерде: Санкт-Петербург, Новосибирск, Красноярск, Екатеринбург, Алтай өлкесі, Иркутск, Қорған, Новосибирск, Саратов, Орынбор және Омбы облыстарындағы бақылау-өткізу бекеттерінде орнатылған.

  • Бұл сынақ Ресейдің цифрлық даму министрлігінің бастамасы бойынша қолға алынған еді. Министрлік егер ол сәтті деп танылса, осы ереже тұрақты түрде енгізілетінін айтқан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ресей төрт елмен шекарада адамның бет-жүзін танитын жүйе орнатады"Қауіпсіздігі күмән тудырады". Тәжікстанда Oriz мессенджері іске қосылдыРесей Қазақстан арқылы барған жүздеген тәжік азаматын шекарадан өткізбей тұр