Ресейдің Екатеринбург қаласында дрон шабуылынан соң Wildberries қоймасы өртенді

Шілде айынан бері Украина әскері дронмен шабуыл жасаған Wildberries қоймалары орналасқан Ресей қалалары

Ресейдің Екатеринбург қаласында дрон шабуылынан кейін Wildberries компаниясының логистика орталығында өрт шықты. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, нысанда алдын ала эвакуация жүргізіліп, қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылған.

Wildberries хабарламасында тауар қабылдау уақытша шектелетіні, Екатеринбургтегі қоймаға әкелінбек болған тауарлар басқа логистика орталықтарына жіберілетінін хабарлады.

Свердлов облысының губернаторы Денис Паслер әуе қорғаныс жүйелері аймақта сегіз дронды жойды дейді.

"Үш дрон логистика орталығының шатырына құлаған. Адамдар әкетілді, ешкім зардап шеккен жоқ", – деп мәлімдеді Паслер.

Ресей қорғаныс министрлігі әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері жұмаға қараған түні 203 украиналық дронды атып түсірді деп хабарлады.

  • Украина қарулы күштері Ресейдегі Wildberries қоймаларына шілде айының ортасынан бері шабуыл жасап келеді.
  • Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Украинаны азаматтық нысандарға әдейі шабуыл жасады деп айыптады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский бұл шабуылдарда "Ресейдің әскери өнеркәсібіне навигациялық жүйелер, дрон өндірісіне арналған бөлшектер және Ресей армиясына қажет өзге де жүктерді жеткізген логистика орындары" нысанаға алынғанын мәлімдеген.
  • Украинаның дрон шабуылдары басталғаннан кейін ресейлік Wildberries өз сайтынан "АӘО, арнаулы әскери операция, орысша – СВО, Ресей билігі Украинаға қарсы бастаған соғысын осылай атайды – Азаттық керектің бәрі" деген бөлімді алып тастады, алайда әскери мақсаттағы тауарлар платформада басқа санаттар арқылы сатылып жатыр деген хабарлар тараған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Wildberries негізгі қоймаларын Ресейден көшірмек деген хабарды жоққа шығардыУкраина соққыларынан қоймалары өртенген Wildberries Қазақстанға көз тікті: Астанаға қауіп бар ма?Қазақстанның сауда министрі кәсіпкерлерге отандық маркетплейстерге басымдық беру жайлы кеңес айттыРесейлік шенеунік Мәскеу мен Астана маркетплейстерді біріктірмек дейдіWildberries иесі дрон шабуылдары бірнеше елдің кәсіпкерлерін шығынға батырғанын айтты