"Росатом" басшысы "Янина" кемесі Қара теңізде шабуылға ұшыраған соң батып кеткенін айтты

Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясының басшысы Алексей Лихачев компанияға тиесілі "Янина" жүк кемесі Қара теңізде Украина қарулы күштерінің қос дроны жасаған шабуылдағаннан кейін суға батып кеткенін мәлімдеді.

Лихачевтің айтуынша, "Янина" Новороссийскіден шамамен 130 миль қашықта халықаралық суда жүзіп келе жатқан кезде шабуылға ұшыраған.

"Бұл халықаралық суларда азаматтық жүктерді – мұздатылған азық-түліктен бастап құрылыс және әрлеу материалдарына дейін контейнермен тасымалдап жүрген қарапайым кеме еді", – деді "Росатом" басшысы.

Ресей жағының дерегінше, кеме экипажындағы 17 адам түгел аман. Олардың 16-сын сенбіге қараған түні Delphinus кемесінің экипажы құтқарса, тағы бір адамды сенбі күні таңертең Ресейдің әскери-теңіз авиациясы тапқан.

Украина тарапы әзірге бұл жөнінде ресми түсініктеме берген жоқ.