Ресей «Прогресс» зымыраны жоғалғанын растады

Your browser doesn’t support HTML5

Халықаралық ғарыш станциясына аттанған пилотсыз ұшатын жүк ғарыш кемесі «Прогресс-МС04» Байқоңырдан ұшқаннан алты минуттан кейін апатқа ұшырады. Ғарыш кемесімен байланыс жоғалған. "Роскосмос" мекемесі ғарыш кемесі Тыва Республикасының аспан кеңістігінде өртеніп кеткен деп болжайды. Кеме Халықаралық ғарыш станциясына үш тоннадай азық-түлік және басқа да жүктерді жеткізуі тиіс болған.