Мәскеудегі әскери парад

Your browser doesn’t support HTML5

Мамырдың 9-ы күні Ресей астанасында Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске 70 жыл толу құрметіне арналған әскери парад өтті. Қызыл алаңындағы парадқа қатысқан 16 жарым мыңнан аса әскерилердің арасында ТМД-ға мүше кейбір елдерден, сонымен бірге, Үндістан, Монғолия, Сербия және Қытайдан қарулы күштер өкілдері болды. Қазақстаннан барған әскери бөлімше де Қызыл алаңнан салтанатты шерумен жүріп өтті.