Прокуратура соттан Михаил Саакашвилидің үйқамақта ұстауды сұрайды

Your browser doesn’t support HTML5

Украина прокуратурасы соттан оппозициялық "Жаңа күштер қозғалысының" лидері және Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиді тәулік бойы үйқамаққа алуды сұрайды. Желтоқсанның 8-і күні Украина қауіпсіздік қызметі Киевтегі пәтерінен ұстап әкеткен Саакашвилиге тергеу орындары "Украинаның экс-президенті Виктор Януковичтің жақтастарының мүддесі үшін, елде мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған" деген айып таққан. Саакашвили бұл айыптарды теріске шығарады. Азаттықтың Украин қызметінің видеосы.