Санжар Еруланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Өзбекстан астанасында дзюдодан өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі 19 жастағы Санжар Еруланұлы алтын медаль жеңіп алды.

100 келіге дейінгі салмақта күрескен Санжар финалда жапон спортшысы Шокей Хираноны жеңіп, әлем чемпионы атанды деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті.

Бұған дейін қазақстандық балуан Асқар Біржанов 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде иеленген.

19-22 қараша аралығында Ташкентте өткен әлемдік жарысқа 82 елден 600-ге жуық спортшы қатысқан. Қазақстан құрамасы жарысты 1 алтын және 1 қола медальмен командалық есепте 7-орында аяқтады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстан 84 медальмен Азия ойындарын аяқтады3 алтын, 3 күміс, 4 қола. Әлемдік дзюдо чемпионатында қазақстандық жасөспірімдер тарихи жетістікке жеттіСметов пен Әбужақынова Азиаданың күмісін алды. Сметов екі жыл үзілістен соң спортқа оралып, финалға шықты