Семейде өзін өртеді делінген ер адам көз жұмды. Бұл жөнінде Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сүйенген ҚазТАГ ақпарат агенттігі жазды.
“30 қазанда сағат 17.00 шамасында Семей қаласында ер адам болжам бойынша, өз-өзін өртеп, қаза болды” деп жазылған Абай облыстық полициясының хабарламасында.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған, полиция жай-жапсарын анықтамақ. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, ер адам Абай облыстық сотының алдында өзін өртеген болуы мүмкін.