Сенат Конгрестің рұқсатынсыз Венесуэлада әскери қимыл жүргізуге тыйым салу туралы қарарды қолдады

АҚШ Конгресі

АҚШ сенаты бейсенбі күні президент Дональд Трамп әкімшілігіне Венесуэлада Конгрестің рұқсатынсыз әскери қимыл жүргізуге тыйым салатын процедуралық қарарды мақұлдады.

Reuters-тің жазуынша, бұл мәселені 100 адамнан құралған палата өкілдерінде қарауға жол ашады. Оны өкілдер палатасы да қарауға тиіс. Axios-тың жазуынша, Трамп оған вето қоятынын айтқан.

Бейсенбі күні құжатты 52 сенатор қолдап, 47 адам қарсы болды. Қарарға бұл жолы демократтармен қатар тағы бірнеше республикашыл дауыс берген.

Президент Дональд Трамп Truth Social желісінде реакция білдірді.

"Республикашылдар демократтармен бірге дауыс беріп, АҚШ-ты қорғауға тырысқан бізді өкілеттен айыруға тырысқан сенаторлардан ұялуы керек. Сьюзан Коллинз, Лиза Меркауски, Рэнд Пол, Джош Хоули және Тодд Янг ендігәрі ешқашан мемлекеттік қызметке қайта сайланбауы керек" деді ол.

Бұған дейін осыған ұқсас екі қарарды былтыр Трамптың жақтастары өткізбей тастаған еді.

  • Венесуэла билігінен шеттетілген Николас Мадуро мен оның әйелі Силия Флорес алғаш рет 5 қаңтарда Нью-Йорк сотында жауап берді. Айыптау актісінде Мадуро мен оның әйелі және тағы төрт тұлғаға төрт пункт бойынша айып тағылғаны жазылған, арасында есірткі терроризмі, АҚШ-қа қарсы қолдану үшін қару-жарақ сақтау да бар. Мадуро сотта өзін кінәлі санамайтынын айтты.
  • Жексенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге егер Венесуэла АҚШ-пен әріптестік орнатпаса, тағы соққы жасауы мүмкін екенін айтып, сес көрсеткен. Венесуэла президентінің міндетін уақытша вице-президент Делси Родригес атқарып жатыр.