Шыңжаңда жер сілкініп, Алматыда дүмпуі сезілді

Germany -- A seismologist points to data showing the strong earthquake which triggered a tsunami which hit the islands of Samoa on his screen at the seismology monitoring centre in Hanover, 30Sep2009

22 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 2:16 кезінде Алматы қаласында жерасты дүмпуі сезілді. Бұл туралы Қазақстан ұлттық деректер орталығы (ҚҰДО) хабарлады.

ҚҰДО дерегінше, магнитудасы 5 балл жер сілкінісінің ошағы Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономды аймағы аумағында, Қырғызстанмен шекараға жақын маңда, Алматыдан оңтүстікке қарай 270 шақырым қашықта тіркелген.

Алматыдағы жерасты дүмпуі 2 балл болды деп хабарлады ҚҰДО. Табиғат құбылысынан адамдар зардап шеккені я дүние-мүлік қирап-бүлінгені туралы хабар түскен жоқ.