Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінде қазақстандықтардың зардап шеккені немесе қаза болғаны туралы мәлімет түскен жоқ.
Ведомствоның хабарлауынша, Венесуэлада консулдық есепке тіркелген Қазақстан азаматтары да жоқ. Ондағы дипломатиялық өкілдікке қазақстандықтардан өтініш түспеген.
“Жағдайды бақылап отырмыз” деді министрліктің ресми өкілі Ерлан Жетібаев 25 маусым күнгі брифинг кезінде.
Кейінгі мәлімет бойынша 24 маусымда түнде Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар 160-тан асты, зардап шеккендер мыңға жуықтады. Бұған дейін АҚШ-тың геологиялық қызметі магнитудасы 7,2 және 7,5 болған зілзаладан қаза болғандар 10 мыңға жетуі мүмкін екенін ескерткен.
СІМ: Венесуэладағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ
Каракас, 25 маусым 2026 жыл.