Еуропадан Украинаға газ жеткізетін құбыр

Your browser doesn’t support HTML5

Словакияда іске қосылған газ құбыры арқылы Украина Еуропа Одағынан газ жеткізу мүмкіндігіне ие болып отыр. Егер Ресей Украинаға газ беруді тоқтатса, бұл құбыр Украинаны бір жылда тұтынатын газ көлемінің 20 пайызға дейінгі мөлшерінде табиғи отынмен қамтамасыз ете алады. Газ құбырын ашу рәсіміне Украина премьер-министрі Арсений Яценюк, Словакия премьер-министрі Роберт Фичо және Еурокомиссияның энергетика нарығы бойынша үйлестірушісі Клаус-Дитер Борхардт қатысты. Велке Капушаны, Словакия, 2 қыркүйек 2014 жыл.