Снежанна Имашева отбасы омбудсмені болып тағайындалды

Снежанна Имашева

Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 13 наурызда тиісті өкім Ақорда сайтында жарияланды.

44 жастағы Имашева парламент мәжілісінің алтыншы, жетінші және сегізінші шақырылым депутаты. Мәжілісе дейін 2011 жылдан бері "Батыс Энергоресурсы" компаниясына жетекшілік еткен. Одан бұрын "Ақсай энергия" компаниясының қызмет жетекшісі, заң кеңесшісі болған.

Қазақстанда отбасы омбудсмені құрылатынын президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген салтанатты іс-шарада айтқан. Оның сөзінше, "мұндай жүйе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын кешенді түрде жолға қоюмен қатар, отбасы саясатындағы басқа маңызды түйткілдерді шешуге мүмкіндік береді".