Сочи жеңімпаздарын марапаттау құны

Олимпиада жеңімпазына ең көп қаржылай сыйлық тағайындаған ел - Әзербайжан. Баку Сочиге төрт спортшы жіберді, бірақ ұлттық олимпиада комитетінің өкілі Азаттыққа «олардың алдыңғы саптан көрінуі екіталай екенін» айтты. Бірақ олардың бірі алтын медаль ала қалса, Әзербайжан үкіметі жеңімпазға 510 мың АҚШ долларын береді. Күміске - 255 мың доллар, ал қола медальға 130 мың доллар жүлде белгіленген.  

Армения алтын медальға – 30 мың доллар, күміске – 20 мың, ал қола медаль үшін 10 мың АҚШ долларын тікті. 2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында өткен қысқы олимпиада ойындарында Армения да, Әзербайжан да медаль алмаған.

Қазақстан шаңғышысы (фристайл) Юлия Галышева Ванкувер олимпиадасында.

Қазақстан осы жолғы алтын иегеріне – 250 мың доллар, күміске – 150 мың, ал үшіншіден бастап алтыншы орындарды иеленген атлеттерге 75 мың доллар береді. 

Беларусь биатлоншысы Сергей Новиков Ванкувер олимпиадасында 10 километрлік жарысқа қатысқан. 

Беларусь пен Украина алтынға - 150 мың, күміске - 75 мың, қола медаль иегеріне 50 мың доллар әзірлеп отыр. Беларусь Ванкуверде үш медаль алған.

Ал Украина Ванкуверден құр қайтқан еді. 

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар Вера Базарова мен Юрий Ларионов Ванкувер айдынында билеп жатыр.  

Олимпиада өтетін Ресей алтын медаль үшін - 113 мың доллар, күміске - 71 мың, қола медаль үшін 42 мың доллар белгілеген. Бұл елдің спортшылары Ванкуверде 15 медаль алды, оның үшеуі - алтын. Совет Одағы құлағалы бері, 1994 жылғы Лиллехаммер олимпиадасынан бастап, жоғары нәтиже көрсетіп келе жатқан Ресей үшін Ванкувер ең сәтсіз олимпиада болған еді.

Америкалық шаңғышы Линдси Вонн Ванкуверде алтын алды.  

Пост-советтік елдер тағайындаған қаржылай сыйлықтардың қасында Батыс елдерінің жүлделері қораш көрінеді. Мәселен, АҚШ алтынға – 25 мың, күміске – 15 мың, қолаға 10 мың доллар тігілген. 

 

Ванкуверде жарысқан германиялық спортшы Мария Риш.

Германияда Deutsche Sporthilfe қоры алтын медальге - 20 мың, сегізінші орынға дейін 2 мың доллардан төлейді.

Канаданың хоккейден әйелдер командасы Ванкуверде алтын алған еді.

Бұл елдің олимпиадалық комитеті алтын медальға - 9 мың доллар, күміске - 6 мың 800, қола медаль алған атлетке 4 мың 500 доллар тарту етпек.