Иранда Рафсанжанимен қоштасты

Your browser doesn’t support HTML5

Тегеранда Иранның бұрынғы президенті Әли Акбар Хашеми Рафсанжаниді жерлеу рәсіміне жүздеген мың адам жиналды. Иранды 1989 жылдан 1997 жылға дейін басқарған Рафсанжани қаңтардың 8-і күні 82 жасында жүрек талмасынан қайтыс болған. Марқұмды жерлеу рәсіміне аятолла Әли Хаменеи бастаған Иранның саяси элитасы түгел қатысты деп хабарлайды Reuters.