Илон Масктың SpaceX компаниясы инвесторлармен келіссөз жүргізіп жатыр, соның нәтижесінде компанияның нарықтық құны екі есеге артып, 800 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген The Financial Times басылымы хабарлады.
Егер келісім жасалса, SpaceX Сэм Альтманның OpenAI компаниясын басып озып, тағы да АҚШ-тағы ең қымбат жеке компанияға айналады деп жазды The Wall Street Journal. OpenAI қазіргі кезде нарықтық құны бойынша ең қымбат жеке компания саналады. Дегенмен дереккөздер басылымға компанияның құны 800 миллиард доллар болады деп сенімді түрде айта алмайтынын, шарттар өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
The Wall Street Journal басылымының жазуынша, АҚШ үкіметінің негізгі ғарыш мердігерлерінің бірі SpaceX инвесторлары жылдар бойы компания акциясының биржаға шығуын (ІРО) күтіп жүр. Бұл 2026 жылға жоспарланған.