7 тамызда Таиландта мектеп аумағында біреу қарудан оқ жаудырып, салдарынан алты адам - үш мұғалім мен үш оқушы қаза тапқан. 15 адам жараланған. Олардың екеуі хал үстінде жатыр деген хабар тарады.лардың екеуінің жағдайы ауыр дейді. Мұндай ақпаратты полиция мәліметіне сүйеніп CNN және The Guardian хабарлады.
Атыс болған мектептен қауіпсіз жерге шығарылған оқушылар мен олардың амандығын тілеп сыртта тұрған ата-ана, туыстары . Таиланд, 7 тамыз, 2026 жыл.
Оқиға жұма күні таңертең Бангкок маңындағы Дебсирин Нонтхабури мектебінде болған. Полиция мәліметінше, мектеп оқушыларының бірі қарудан оқ жаудырған деген күдікке ілінген.
Бастапқыда қарулы шабуылға күдіктінің өзі де қаза тапты деген ақпарат тарағанымен, кейін оның ауыр жараланып ауруханаға түскені белгілі болды. Болжам бойынша, ол өзіне қол жұмсауға талпынған.
Жараланған мұғалімге жедел жәрдем көрсетіп жатқан дәрігерлер. Таиланд, 7 тамыз, 2026 жыл.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қолданылған қару күдіктінің отбасы мүшесіне тиесілі болған. Алайда полиция атыс қаруы оқушының қолына қалай түскенін әзірге анықтаған жоқ.
Дебсирин Нонтхабури — Бангкок маңындағы беделді оқу орындарының бірі. Билік дерегіне сәйкес, 2025 оқу жылында мектепте шамамен 3100 оқушы білім алып, 147 мұғалім жұмыс істеген.