Тайвань билігі Қытай азаматтарынан барлау деректерін жинайтын арнайы сайт ашты. Тайвань ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі бюроның хабарлауынша, ресурс Қытай билігі тарапынан бақылау күшейіп, экономикалық проблемаларға кезіккен тұста "жүйеден әбден мезі болған, өзгерісті қалайтын" азаматтарға арналған.
Ведомство ел ішінде немесе шетелде жүрген Қытай азаматтарын ақпаратпен бөлісуге шақырды. Қытайдың өзінде сайт бұғатталды.
Тайбэйдің айтуынша, олар бұрын АҚШ, Ұлыбритания, Израильдің арнайы қызметі қолданған тәсілді пайдаланып жатыр.
2024 жылы Қытай билігі де "тайваньдық сепаратистердің қылмысы туралы" ақпарат жинайтын арнайы электронды мекенжай ашқан еді.
Пекин Тайванды өз жері деп есептейді және өзге елдердің Тайвань билігімен ресми түрде Пекинсіз байланыс орнатуына қарсы. Тайвань билігі Қытай ұсынған "бір ел – екі жүйесінен" бас тартқан.