Аптаның жеті үздік хикаясы

Қазақстанның бұрынғы президенті, қазір қауіпсіздік кеңесін басқаратын Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жетекшілік ететін "Нұр Отан" партиясының жиынында сөйлегенде мемлекеттен жәрдем сұрағандарды сынағанын әлеуметтік желі қолданушылар әлі талқылап жатыр. Бұрынғы президенттің сөзіне наразылық білдіргендер де, оны орынды санайтындар да бар. Ал бұл тұста шетелдік баспасөзде Назарбаевтың қызы Швейцарияда тарихи қамал сатып алған деген ақпарат жарияланды. Азаттықтың топтамасынан өзі және өзге оқиғалармен таныса аласыз.

Назарбаевтың "сиыр саудасы" мен қызының "Швейцариядағы жаңа қамалы"

Батыстың ақпарат құралдары Қазақстанның бұрынғы президентінің қызы Динара Құлыбаеваның "Женева кантонындағы 17 ғасырда салынған тарихи қамалды сатып алғаны" турады хабарлады. Ал мемлекеттен жәрдем сұраған қазақстандықтарды сынаған экс-президент ондаған миллион ақшаға сатып алынған қамал жайлы тіс жарған жоқ деп жазады шетелдік басылым. Швейцариядағы 17-ғасырда салынған қамал ұлттық маңызы бар тарихи мұра саналады.

Оқи отырыңыз

"Екі сиыр сатып ал да, өзіңді асыра". Назарбаевтың сөзіне аналардың реакциясы

Қазақстанда соңғы кездері мемлекеттен жәрдем талап етіп наразылық акцияларын өткізген көп балалы аналар елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкіметтен көмек сұраған қазақстандықтарды сынаған сөзіне жауап қайтарды. Олар 30 жыл бұрын Назарбаевтың Қазақстан халқына қандай уәде бергенін еске салды.

Your browser doesn’t support HTML5

"Екі сиыр сатып ал да, өзіңді асыра". Назарбаевтың сөзіне аналардың реакциясы

"Сиырдың жыры"

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарға "жұмыс жоқ па, шағын кредит ал. Екі сиыр сатып ал да, өзіңді асыра" деген ақылы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Суретші Ғалым Смағұлдың карикатурасы:

"Қазақстанда саяси тұтқындар көбейіп келеді". Құқық қорғаушы Евгений Жовтистің сұхбаты

Қазақстандық құқық қорғаушылар кеңесі осы аптада "саяси тұтқын" деп танылған адамдардың тізімін жариялады. Тізімге түрлі қылмыстық іс бойынша қамауда отырған азаматтар енгізілген. Құқық қорғаушылар кеңесінің мүшесі әрі қазақстандық адам құқықтары жөніндегі бюроның жетекшісі Евгений Жовтис Азаттыққа берген сұхбатында соңғы жылдары Қазақстанда көзқарасы, пікірі мен белсенділігі үшін түрмеге қамалғандардың саны көбейгенін айтады.

Сұхбатты мына сілтемеден оқи аласыз

"Пикет, пикет!" Ақ қағазын полиция тексерген қостанайлық суретшінің хикаясы

Қостанайда автобус аялдамасында буулы ақ плакат ұстап тұрған суретші Дархан Бегайдаровтан полиция құжаттарын көрсетуді талап етіп, қолындағы қағазда не барын сұраған. Оның сурет салуға арналған таза қағаз екенін көрген соң полиция қызметкерлері азаматтың аты-жөнін жазып алып, кетіп қалған. Азаттыққа сұхбат берген суретші полиция өзін рұқсат етілмеген пикетке шықпақ болған деген күдікпен тексерген болуы керек деп топшылайды.

Суретшінің хикаясы туралы оқыңыз

"Қол сұғуға жол бермейміз". Apple, Google мен Mozilla қазақстандық "қауіпсіздік сертификатын" бұғаттады

Қазақстан билігі жақында "сынақтан сәтті өтті" деп хабарлаған "қауіпсіздік сертификаты" осы аптада тағы да әлемдік баспасөздің басты жаңалығына айналды. Батыстың интернет саласындағы үш ірі компаниясы Қазақстан билігі елде жаппай енгізбек болған Qaznet Trust Network сертификатын өз браузерлерінде бұғаттайтынын хабарлады.

Оқи отырыңыз

Нұр-Сұлтанда белсенділер саяси тұтқындарды босатуды талап етті

Нұр-Сұлтанда бір топ белсенді "Саяси тұтқындарға бостандық берілсін" деген талаппен алдымен Қазақстандағы АҚШ елшілігі, кейін Әзірет Сұлтан мешіті алдында наразылық шарасын өткізді. Олармен сөйлесуге мешіт имамы шықты.

Your browser doesn’t support HTML5

Нұр-Сұлтанда белсенділер саяси тұтқындарды босатуды талап етті