Аптаның үздік жеті хикаясы

Повозка запряженная ишаком. Самарканд, Узбекистан, 29 ноября 2019 года.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.

Мирзияев билігінің үш жылы. Екінші президент тұсында не өзгерді?

Шавкат Мирзияев билікке келгелі қандай өзгерістер болды? Бірінші президент Ислам Каримов жұрт жадында несімен қалды? Азаттық тілшісі Өзбекстанда болып қайтты.

Нұрсұлтан Назарбаев қай ұшақты мініп жүр?

Әлем бойынша әуе тасымалымен айналысатын "Air charter service" компаниясы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев №1 ұшақты қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бермей, өзі мініп жүргенін жазды. Азаттық бұл ақпаратты нақтылауға тырысып, Назарбаев мінген ұшақтың ресми сапарлардан бөлек қай әуежайларға қонғанын анықтады.

Your browser doesn’t support HTML5

Нұрсұлтан Назарбаев қай ұшақты мініп жүр?

"Қуаныштан жыладық". ВИЧ жұқтырған жастар дені сау бала сүйді

Қазақстанда ВИЧ ауруына қарсы айлық жалғасып жатыр. Елде 24,5 мыңнан астам науқас тіркелген. 2006 жылы Шымкент ауруханасында жаппай ВИЧ дертін жұқтырған екі жүзден астам баланың бесеуі бүгінде ержетіп, отау құрған. Олардан дені сау бала дүниеге келген. Азаттық тілшісі Дилара Исаның мақаласын оқи отырыңыз.

"Тоқаев Назарбаевты жұбатып қойды". Президент сұхбаты нені аңғартты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың неміс басылымына берген сұхбатында айтқандары қызу талқыға түсіп, мәлімдемелері ел ішінде ғана емес, шетелде де сынға ұшырады. Қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев "Тоқаев өзінің тәжірибелі дипломат емесін көрсетті" дейді.

Полиция "Тоқаев үшін кешірім сұрамақ болған" суретшіге кедергі жасады

5 желтоқсанда түстен кейін суретші Асхат Ахмедьяров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырым жайлы айтқанына байланысты Украина халқынан кешірім сұрау үшін Украинаның Қазақстандағы елшілігі алдына барды. Оның акциясына полиция кедергі келтірді.

Your browser doesn’t support HTML5

Полиция "Тоқаев үшін кешірім сұрамақ болған" суретшіге кедергі жасады

Жасырын курьерлер Қырғызстаннан қап-қап миллиондарды қалай шығарған?

Қырғызстанда бірнеше жылдан бері елден миллиондаған доллар ақша шығарумен айналысқан жасырын курьерлер жүйесі жұмыс істеген. Жемқорлыққа белшесінен батқан бұл «қызмет» талай адамның өмірін алған. Азаттықтың Қырғыз қызметі, OCCRP және Kloop Қырғызстанда ақша тасушы курьерлердің қалай жұмыс істейтінін (қалай өмірімен қош айтасатынын) көрсететін зерттеу жариялады.

Алматыдағы латын қаріпті қазақша жазулар

Қазақстандағы елді мекендерде латын қарпіндегі қазақша жазулар пайда бола бастағанына біраз уақыт өтті. Мұндай жазулар Алматы көшесінде де жиі көзге шалынады. Фотогалереяны көре отырыңыз.

Алматыдағы латын қаріпті қазақша жазулар