6 мыңнан астам шетелдік экспорттаушы компания санкцияға ілінген ресейлік компаниялар мен Ресей әскери-өнеркәсіп кешеніне тауар жеткізеді. Мұны ресейлік компаниялардың 2024–2025 жылғы сыртқы сауда деректерін қарап шыққан The Insider басылымы анықтады.
Басылымның мәліметінше, бұл компаниялар Қытайға (шамамен 4000), Түркия (шамамен 300), БАӘ (шамамен 120) және Үндістанға (60) тиесілі. Олар жалпы алғанда санкцияға ілінген компаниялар және әскери-өнеркәсіптік кешен мердігерлерімен сауданың үштен екі бөлігін қамтамасыз етеді.
Айталық, қытайлық Henan New Silk Road International фирма құны шамамен 3 млн долларға жүздеген турбореактивтік қозғалтқыш жеткізген.
Мұндай қозғалтқыштардың тарту күші – 80 килограмм, бұл оларды ірі әскери дрондарда пайдалануға мүмкіндік береді. Тауар өндіруші ретінде жоқ фирманың аты көрсетілген, ал тауарды қабылдаушы – санкцияға ілінген ресейлік "Чипдевайс".
The Insider-дің жазуынша, Қытай компаниялар саны жағынан ғана емес, жеткізілген тауар көлемі жағынан да бірінші орында тұр. Дегенмен импортталатын тауарлардың сапасы жағынан Түркия алда тұр. Ол жеткізетін тауардың 68 пайызы – өте сапалы – Еуропа, Жапония, Кореяда (металл өңдеу, тұтынушылық емес электроника, оптика, металлургия мен энергетика жабдықтары, өлшеу құралдары) жасалған.