Тоқаевтың құдағиы үкіметтен бөлінген ақшадан қалай табыс тапты?

Your browser doesn’t support HTML5

Женевадағы Ұлттар сарайының ескі кинозалы 2013 жылы Біріккен Ұлттар ұйымы бас хатшысының орынбасары қызметін атқарып жүрген Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен жөнделіп, "Қазақстан залы" деп аталған.

Женевадағы Ұлттар сарайының ескі кинозалы 2013 жылы Біріккен Ұлттар ұйымы бас хатшысының орынбасары қызметін атқарып жүрген Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен жөнделіп, "Қазақстан залы" деп аталған. Бұған Қазақстан бөлген қомақты қаржының бір бөлігі оның құдағиы Бәтима Зәуірбекованың гобелендерін сатып алуға жұмсалған. Осы деректерді алғаш жария еткен швейцариялық Public Eye ұйымы мұны непотизмге теңейді.