Рождество мерекесі және мұздай суға шомылу

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында қыстыгүні қатқан көлдегі мұз ойығында суға түсіп жүрген адам.

Үндістанның Ассам штатында тұратын тива ұлысының өкілдері күрішті ұшырып тазалап жатыр.

Кабулда қаңтарда жауған қарға жер үйдің есігінен қарап тұрған ауған балалары.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы шоуда өнер көрсетіп тұрған әртіс.
 

Киевте мейрамхананың қосалқы есігінің алдында темекі тартып тұрған адамдар.

Каледе жағажай маңын бақылап жүрген француз жандармдары мен әуеде ұшып жүрген полиция тікұшағы.

Мәскеудің орталығындағы орыс ақыны Александр Пушкиннің ескерткіші.

Лахорда әткеншек басында ойнап жүрген пәкістандық балалар.

Парижде билікке наразы "сары жилеттілердің" суреті салынған қабырғаның алдынан өтіп бара жатқан әйел.

Львов қаласының орталығындағы парадта рождество мерекесіне арналған ән айтып, Вифлеем жұлдызын көтеріп келе жатқан украиналықтар.

Пекинде жаңа сауда орталығында сурет салынған қабырғаның алдынан өтіп бара жатқан қызыл курткалы әйел.

Православ христиандардың Рождество мерекесі күні Бішкектегі шіркеуде шырақ жағып, мінәжат етіп тұрған әйел. 7 қаңтар 2019 жыл.

Православ христиандардың Рождество мейрамы кезінде теңіз суына шомылып жатқан адамдар. Евпатория, Қырым, 7 қаңтар 2019 жыл.

Каирдан шығысқа қарай 40 шақырым жерде жаңадан ашылған Иса пайғамбардың шіркеуін күзетіп тұрған египеттік сарбаздар. 6 қаңтар 2019 жыл.

Рождество мерекесі қарсаңында Каирдан шығысқа қарай 40 шақырым жерде жаңадан ашылған Иса пайғамбар кафедралдық шіркеуінде тұрған қыз бала.

Болгариядағы Тунджа өзенінің мұздай суына түсіп, ән салып, би билеп тұрған адамдар. Калофер, 6 қаңтар 2019 жыл.

Патриарх Варфоломей I (сол жақта) Украина православ шіркеуінің басшысы
митрополит Епифанийдің бетінен сүйіп тұр. Стамбул, Түркия, 6 қаңтар 2019 жыл.