6 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Тәуелсіздік сарайында елге мемлекеттік сапармен келген Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты қабылдап, екеуі келіссөз өткізді. Мұны Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тоқаев Қазақстан екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін, сенімді серіктеске айналуы үшін барынша күш салатынын айтқан.
"Сіздің сапарыңыз аясында Доңға мұнай кен орнына қатысты маңызды келісімге қол қойылғанынан хабардармын. Бұл да қос тараптың өзара қарым-қатынасты ілгерілетуге мүдделі әрі дайын екенін көрсетеді. Мұны ортақ жетістігіміз деп санаймын" деген Тоқаев.
Оман сұлтаны Қазақстан басшысына қонақжайлық танытқаны үшін алғыс білдіріп, екі ел экономика, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда берік байланыс орнатады деп сенетінін жеткізген.
Оман сұлтаны Қазақстан басшысына қонақжайлық танытқаны үшін алғыс білдіріп, екі ел экономика, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда берік байланыс орнатады деп сенетінін жеткізген.
"Біз екі ел арасындағы барыс-келістің артуына мүдделіміз. Президент мырза, жылы қарсы алғаныңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Өзіңізбен жақын арада Маскат қаласында жүздесеміз деп ойлаймын" деген Хайсам бен Тариқ Әл Саид.
Оман сұлтаны Астанаға 5 қазан күні түстен кейін келген, әуежайды оны Тоқаев қарсы алған.