Тоқаев еңбек және халықты қорғау министрін ауыстырды

Асқарбек Ертаев

27 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Светлана Жақыпова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды. Оның орнына Асқарбек Ертаев тағайындалды. Ол бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғай бірінші вице-министрі болған.

49 жастағы Ертаев 2023-2024 жылдары осы министрлікке қарасты көші-қон комитетіне жетекшілік еткен. Оған дейін премьер-министр кеңсесінде, үкімет аппаратында қызмет атқарған. Оның президент әкімшілігінде де бөлім жетекші ретіндегі тәжірибесі бар.

Ақтөбе өңірінің тумасы 14 жыл банк саласында да істеген.