Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасын бақылайтын мемлекеттік комиссия құрылатынын мәлімдеді

Ақорда.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылау маңызды екенін айтып, мемлекеттік комиссия құрылатынын айтты.

“28 қазан күні дәстүрлі жолдауымда айтқан «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет деп санаймын. Комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді” деп жазды Тоқаев Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін Тоқаев аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны мен 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемесінің құрылысы басталатынын мәлімдеген еді. 2029 жылдың соңына дейін осы мақсатқа Ұлттық қордан 6,5 трлн тенге бөлінбек.