Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрін қызметтен босатты

Қазақстан президентінің резиденциясы – Ақорда

Қазақстан президенті Қасым Жомарт Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты лауазымынан босатты. Бұл туралы 24 қарашада Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ол сол күні "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалды.

Бұған дейін Тоқаев 2027 жылы Қазақстанда ірі құрылыс науқаны басталатынын жариялап, оны "Халықтық құрылыс" болады деп атаған. Президент елде әлеуметтік нысандар салу үшін Ұлттық қордан аса көп мөлшерде қаржы жұмсалатын болады деп мәлімдеген.

46 жастағы Нағаспаев 2025 жылғы 28 ақпаннан бері Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарып келді.