Тоқаев Транскаспий дәлізін TRIPP бастамасымен байланыстыру мәселесін талқылауды ұсынды

Оңтүстік Кавказдағы Trump Route for International Peace and Prosperity (TRIPP) немесе Зангезур дәлізінің картасы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия арқылы Қытайдан Еуропаға бағытталған көлік дәлізін "Халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолындағы Трамп бағдары" (TRIPP) жобасымен байланыстыру мүмкіндігі бар деп мәлімдеді. Мұны ол 8 қазанда Түркіменстанның Аваза қаласында өткен Орталық Азия және Әзербайжан президенттерінің 8-ші консультативтік кездесуінде айтты деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев Қазақстан көлік инфрақұрылымын дәйекті түрде дамытып келе жатқанын, бұл өңірлік қарым-қатынас аясын кеңейтетінін айтқан. Оның сөзінше, Дүниежүзілік банк осы жоспарланған инфрақұрылымдық міндеттер толық іске асатын болса, 2040 жылға қарай Каспий теңізімен жүк тасымалдау төрт есе ұлғаяды деген болжам жасаған.

"Орта дәлізді TRIPP көлік бастамасымен ұштастыру мәселесін сарапшылар деңгейінде талқылауға болады деп ойлаймын. Бұл жоба әлеуетімізді арттырады әрі барлық мемлекеттің ұзақмерзімді мүддесіне сай келеді" деген Тоқаев.

Былтыр тамызда АҚШ-тағы келіссөз кезінде Баку мен Ереван Армения аумағы арқылы Әзербайжанды оның эксклавы Нахчыванмен жалғайтын ұзындығы 40 шақырымнан асатын көлік дәлізін құруға келіскен. Бұл бағыт әрі қарай Түркияға, одан Еуропаға дейін ұласады деп жоспарланған.

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның ұсынысымен көлік дәлізі "Халықаралық бейбітшілік және гүлденуге арналған Трамп жолы" (Trump Route for International Peace and Prosperity, немесе TRIPP) деп аталған. Пашинян былтыр Астанаға сапармен келген кезде Тоқаев Қазақстанның TRIPP жобасына қатысуға қызығушылық танытып отырғанын айтқан еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Зангезур дәлізі Орталық Азияға не береді?Баку Әзербайжан-Армения бейбіт келісімі жобасын жарияладыАҚШ Зангезур дәлізін өз бақылауына алуды ұсынды. Армения, Әзербайжан және Иран бұған қалай қарайды?Армения Орталық Азияны "Трамп жолына" қатысуды ұсынды. Астана мен Бішкек сақтық танытып отырПашинян Қазақстанға TRIPP жобасынан үлес ұсынғанын жоққа шығармады