Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асламбек Мерғалиевті Жоғарғы сот төрағасы лауазымына, Берік Асыловты Бас прокурор қызметіне қайта тағайындады. Президент жарлықтары Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Бұл екі лауазым иесі алғаш рет осы қызметке Қаңтар оқиғасынан кейін тағайындалған.
54 жастағы Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы лауазымын 2022 жылғы 8 желтоқсаннан, ал 62 жастағы Берік Ноғаев Бас прокурор қызметін 2022 жылғы 3 наурыздан бері атқарып келеді.
Қазақстанда 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияда Жоғарғы сот төрағасы мен Бас прокурор, сонымен қатар Ұлттық банктің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Жоғары сот кеңесінің төрағалары және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жаңа негізгі заң күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуға тиіс деп жазылған.