Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындады. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тоқаевтың жарлығымен төмендегі азаматтар Жоғары аудиторлық палата мүшесі болды:
- Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов (ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды);
- Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев;
- Амангелді Сағындықұлы Есенов;
- Ғабиден Хасенұлы Жақсылықов;
- Руслан Қасқырбекұлы Мелдебеков;
- Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов;
- Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев;
- Юлия Федоровна Энгель.
Мұның алдында президент әкімшілігінің жетекшісі Роман Скляр Құрылтай отырысында кандидаттарды таныстырған. Құрылтай барлық кандидатты мақұлдады.
- Жоғары аудиторлық палата — Қазақстандағы сыртқы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүзеге асыратын жоғары орган. Ол бюджет қаражатының, мемлекеттік активтердің және квазимемлекеттік сектор қаражатының қаншалықты тиімді пайдаланылғанын тексереді. Палата президентке тікелей бағынады және есеп береді. Бұған дейін Тоқаев бұрынғы премьер Әлихан Смайыловты жоғары аудиторлық палатаның төрағасы қызметінде қалдырған.