Трамп АҚШ-ты 66 халықаралық ұйымнан шығару туралы жарлыққа қол қойды

Дональд Трамп

Дональд Трамп АҚШ-ты 66 халықаралық ұйымнан шығару туралы жарлыққа қол қойды. Арасында БҰҰ-ның климаттың өзгеруі бойынша негіздемелік конвенциясы да бар.

Ақ үйдің хабарлауынша, бұл ұйымдар Американың "мүддесіне сәйкес емес". Хабарламаға қарағанда, мәселе БҰҰ-ның 31 құрылымы мен оған кірмейтін 35 ұйым жөнінде болып отыр. Ақ үйдің айтуынша, бұл ұйымдардың көбі "АҚШ егемендігі мен экономикалық қуатына қайшы радикалды климаттық саясатты, жаһандық басқаруды және идеологиялық күн тәртібін насихаттайды".

Ақ үй сонымен бірге АҚШ құрамынан шығуы керек ұйымдардың да тізімін жариялады. Арасында:

➤ Еуропа кеңесінің Венеция комиссиясы

➤ Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әріптестік комиссиясы

➤ Халықаралық құқық жөніндегі БҰҰ комиссиясы

➤ БҰҰ халықаралық сауда орталығы

➤ БҰҰ демократия қоры

➤ Демократия және сайлауға көмектесу жөніндегі халықаралық институт

➤ БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (Бұл ғаламдық жыныумен күрес саласындағы негізгі келісімдердің бірі саналады).

➤ Қайта қалпына келетін энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік (IRENA) және өзге де ұйымдар бар.

2025 жылдың басында Дональд Трамп АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен климаттың өзгеруі жөніндегі Париж келісімінен шығарған еді.