АҚШ президенті Дональд Трамп NBC News арнасына берген сұхбатында, егер Тегеран келіссөзден бас тартса, Вашингтон Иран порттарын теңізден құрсауды жалғастырады деп мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл автоматты түрде жаңа соғыс басталады дегенді білдірмейді. Трамп Тегеран әлі де бейбіт келісімге мүдделі деп санайды.
Иранның Tasnim агенттігінің хабарлауынша, Тегеран Ливанға қатысты талаптары орындалмайынша АҚШ-пен араағайындар арқылы байланысын тоқтатқан. Иран Израильдің "Хезболлаға" қарсы операцияларын доғарып, Ливан аумағынан әскерін әкетуін талап етіп отыр. Иран СІМ Аббас Арақчи сәуірдегі АҚШ-Иран бітімі бүкіл өңірге қатысты екенін айтып, кез келген бағыттағы атысты тоқтату режимінің бұзылуы жалпы келісімді бұзуға жатады деп мәлімдеді.
Tasnim Иран мен оның одақтастары Ормуз бұғазын бұғаттауды және Баб-әл-Мандеб бұғазында белсенді әрекетке көшу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.
Ал бұл кезде АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Израиль және Ливан басшыларымен жаңа бітім бастамасын талқылап жатыр, алайда тараптар атысты кім бірінші тоқтатуы тиіс деген мәселеде келісімге келе алмай отыр.