Трамп Иранда нысанаға алынатын тағы бір жерді атады

АҚШ президенті Дональд Трамп. Ай үй, Вашингтон, 21 шілде, 2026 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Иранға шабуылды әзірге тоқтатпайтынын мәлімдеп, АҚШ әскері жақында Пикакс тауы маңына соққы жасауы мүмкін екенін ескертті.

АҚШ әскері Иранның ядролық бағдарламасына қатысы болуы мүмкін кез келген нысанға "өте қуатты соққы" береді деді Трамп.

Трамп мұны 21 шілде күні Ақ үйде Ливан президенті Жозеф Аунмен кездескенде айтты. Тараптар Израиль әскерінің Ливанның оңтүстігінен шығуы және "Хезболланы" қарусыздандыру мәселесін талқылаған.

Пикакс тауы Ирандағы Натанз ядролық кешені маңында орналасқан. Израиль барлауы осы аумақтағы жерасты туннельдері мен бункерлерге уран байытуға арналған центрифугалар жасырылған болуы мүмкін деп есептейді.

Бұған қоса Трамп Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясы порттарын бұғаттау туралы қоқан-лоққысын іске асыратын болса, АҚШ-қа "бұл мәселемен айналысуға тура келетінін" айтты.

АҚШ пен Иранның өзара шабуылдары 10-күн қатарынан жалғасып жатыр.